2015 жыл астық тазартқыш машиналарды және сапалы зақымдалмаған тұқымдарды іріктеу бойынша машиналарды өндіруді бастауға керемет мүмкіндік берілген сәтті жыл болды.
Бірақ машиналармен жасалған алғашқы сынақтар еш нәрсенің оңайлықпен болмайтындығын көрсетті.
3 жылдан астам уақыт бойына біз астықты зақымдамай тазартатын және іріктейтін жаңа машиналарды құрастырумен, құрумен және оларды сынаумен айналыстық.
Біз машиналарымызды жасадық, құрастырдық, фермерлерге сынаққа бердік, кейіннен фермерлердің жұмыс нәтижелеріне, олардың тілектері мен ескертулеріне сүйене отырып, қайтадан бір нәрсені кесіп, қайтадан сынақтан өткіздік, ал кейін біз өз машиналарымыздың жұмысын тексеру үшін өз сынақ блогымызды жасап шығардық.
Ең соңында, біздің барлық сынақтарымыз астықтың барлық түрлерін тазарту үшін әмбебап машинаның болуы мүмкін емес екендігін түсіндірді. Әр қайсысы әр қалай.
Машинаның қуаттылығы мен өнімділігі жоғары бола тұра астықты өңдеу сапасын ұстап тұру мүмкін болмады.
Машина неғұрлым үлкен болса, астықпен жұмыс істеудегі сапасы соғұрлым нашарлайды.
Сондай-ақ, осындай машиналарды зерделей келе, тәжірибеде көрсеткендей тұқым дайындайтын кез келген машинаның өзі астықты қарапайым тазартқыш машиналар сияқты зақымдайды.
Сол кезде біз астықпен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін бақыладық, тұқымдардың зақымдалатын учаскелерін анықтадық. Осылайша, біздің машиналарымыз жасалып шықты.Астыққа қатысты ұқыппен жұмыс жасаудың керемет жағдайын жасау үшін машиналарымызға кейбір күрделі технологияларды (ұшақ жасау және су асты қайықтары құрылғыларынан!) қолдандық.
Астықтың зақымдануын төмендету бойынша өз саясатымызды жалғастыра отырып, біз ақырын жүрісті норияларды және вибромашиналарды шығара бастадық.
Бүгінде: біздің машиналарымыз астықтың соғылуын болдырмайды, ал тұқым дайындау бойынша біздің желіміз өте тиімді және астықты зақымданудан қорғайтындығын сенімді түрде айта аламыз.
Мынаған көз жеткізсеңіз екен деймін:
Бізге келіңіз, өзіңізбен бірге тазартуға немесе тұқым алуға керекті астығыңызды (3-4 қап) алып келіңіз.
Сіздің қарауыңызға қарай кез келген машинаны және көмекшіні жібереміз, ал Сіз өз астығыңызды өңдеу бойынша «нақты» сынақтарды өткізіп, машинаның қалай жұмыс істейтініне, оның көңіліңізден шығатынына немесе шықпайтындығына көз жеткізе аласыз. Әрине, содан кейін бұл машинаның Сізге керек, не керек емес екендігіне қатысты шешім қабылдайсыз.
Сынақ өткізу тегін!